Мазмұнға өту
qandastar.

Астанадағы LRT станцияларына атау берілмек

bahitzhanabzal · · 87 қаралым
Астанадағы LRT станцияларына атау берілмек

Фото: ашық дереккөз

2025 жылы 19 тамызда сағат 10:00-де Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады, деп хабарлайды qandastar.kz

Бұл туралы мәслихаттың ресми сайтында жарияланды.

Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:

Астана қаласының жеңіл рельсті көлік станцияларына атау беру туралы.

«Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласын басқару тәсімі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 9 тамыздағы № 62/7-VIII шешіміне толықтыру енгізу туралы.

Астана қаласында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы.

Астана қаласы мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp