Фото: Азаттық
24 қыркүйек таңертең Астана қаласында LRT құрылысы жүріп жатқан жерде ер адам өлі табылды.
Жергілікті телеграм-арналар оқиға орнынан түсірілген видео
. Онда LRT желісінің бетон тіректерінің үстіндегі жолдың сырт жағында асылып тұрған адам көрінеді.
24 қыркүйекте «103» қызметіне қоңырау түсті. Оқиға орнында асылып тұрған ер адам өлі табылды. Оқиғаның мән-жайы белгісіз, мәйітті полиция алды
Астана полиция департаментінің хабарлауынша, 38 жастағы марқұмның кім екені анықталған. Осы жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр деді полиция. Бірақ ол марқұмның аты-жөнін жарияламады. Бұл оқиғаның жай-жапсары әзірге белгісіз.
Newtimes.kz сайты сөйлескен құрылыс нысанының күзетшісі өткен түні аумақ құлыптаулы болған
. Оның сөзінше, сейсенбі күні таңертең әлгі адам өлі табылған жерге полиция мен арнайы қызмет өкілдері барған. Марқұмды құрылыс кранымен төмен түсірген.