Астанада әлеуметтік желіге жарияланған бір видео үшін 25 жастағы шетел азаматы жауапқа тартылды, деп хабарлайды
порталы.
Полиция TikTok-та тараған бейнежазбадан әдепсіз сөздер мен қоғамдық тәртіпке қайшы тіркестерді анықтаған.
Видео елордадағы Мәңгілік Ел даңғылы бойында орналасқан Триумфалды арка маңында түсірілген.
Құқық қорғау органдары бейне авторын анықтап, істі сотқа жеткізген.
Сот шешімімен Ангелина Ванинаға 20 АЕК, яғни 2026 жылғы мөлшермен 86 500 теңге айыппұл салынды.
Осылайша, елордадағы көрікті жерде түсірілген TikTok видеосы авторына қомақты айыппұлға айналды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ҚР ІІМ | МВД РК (@qriim_mvdrk)