Мазмұнға өту
qandastar.

Астанадағы тұрғын үй кешенінде тұрғындар кіреберісте аяқ киімді шешуге міндеттелді

bahitzhanabzal · · 87 қаралым
Астанадағы тұрғын үй кешенінде тұрғындар кіреберісте аяқ киімді шешуге міндеттелді

Астанадағы бір тұрғын үй кешенінде ерекше тәртіп енгізілген: енді тұрғындар подъезге кіреберісте аяқ киімін шешуі тиіс. Бұл туралы видео threads @raminaasenova парақшасында жарияланғанын qandastar.kz

Бейнежазбада подъезд еденіне кілем төселгені көрінеді. Видео авторының айтуынша, егер аяқ киіммен кірмек болса, оны ішке жібермей қойған.

Мына жерде аяқ киімді шешіп, пәтерге кіргендей жалаңаяқ жүруіміз керек. Сыртта қар, минус 10 градус тұрғанын ескерсек, өте қолайсыз
дейді ол.

Жарияланым желі қолданушылары арасында қызу талқылауға себеп болды. Кейбіреулер мұндай тәжірибенің артықшылығын айтып, кіреберістің әрдайым таза болатынын атап өтсе, енді бірі бұл талапты орынсыз деп бағалады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp