Мазмұнға өту
qandastar.

Астаналықтар кітап оқып, 600 мың теңгеге дейін сыйлық ұта алады

Бақытжан Мұса · · 405 қаралым
Астаналықтар кітап оқып, 600 мың теңгеге дейін сыйлық ұта алады

Астана тұрғындары «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қатысып, кітап оқумен қатар ақшалай сыйлыққа ие бола алады, деп хабарлайды

.

Елорда аталған ауқымды жобаға алғашқылардың бірі болып қосылды. Марафонға қатысушылар алты ай ішінде 15 кітап оқуы керек. Кейін олар тестілеу мен зияткерлік викториналардан өтеді.

Сынақ нәтижесінде әр санат бойынша үздік командалар анықталады. Жеңімпаздарға:

  • І орынға – 600 мың теңге;
  • ІІ орынға – 450 мың теңге;
  • ІІІ орынға – 300 мың теңге беріледі.

Марафонға 6-10 сынып оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, педагогтер, мемлекеттік қызметшілер, ата-аналар және кітап оқуға қызығушылық танытқан кез келген азамат қатыса алады.

Жоба қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі. Қатысушыларды тіркеу қыркүйек айында басталады.

Марафон аясында күзде Астанада әдеби кездесулер, жаппай кітап оқулар, ағартушылық акциялар мен түрлі кітап жобалары ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның негізгі мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, отандық әдебиетті насихаттау және қоғамда үздіксіз білім алу мәдениетін қалыптастыру.

Бөлісу: Telegram WhatsApp