Фото: https://www.instagram.com/aidarbekov_nurtas/
Отандық мегажұлдыз Қайрат Нұртастың әкесі, продюсер Нұртас Айдарбеков ортаншы келіні Әйгерім Сәркеноваға су жаңа көлік сыйлады. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл жаңалықты Нұртас Айдарбековтың өзі Instagram-дағы парақшасында жария етті. Ол келініне салоннан Lexus NX250 көлігін сыйға тартқан.
Баяғыда әкем мен анам айтушы еді «Балам, ата сыйласан алдыңа келеді» деп. Сол айтқандай ата мен ене сыйлап жүрген келініме шамамның келгенінше осы бір көлікті сыйға тарттым. Құтты болсын деп қойсаңыздар марқайып қалар еді ағайын
Күтпеген тосынсыйға ие болған блогер келіншек те ата-енесіне алғыс білдірді.
Алла разы болсын сіздерге папа, мама. Нағыз тосынсый болды. Құттықтауларыңызға рақмет. Киіміме қарап, менің мұндайға дайын болмағанымды аңғаруға болады
Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова ортаншы келініне арнап жазба жариялап,
» деп мерейін өсірген еді.