Мазмұнға өту
qandastar.

Атамекенге көшіп келетіндер үшін квота азаймайды – Сапарбаев

qandastar · · 1 432 қаралым
Атамекенге көшіп келетіндер үшін квота азаймайды – Сапарбаев

"Отандастар қоры" КЕАҚ мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы "Отандастар. Болашаққа бағдар" атты халықаралық дөңгелек үстел өткізіп жатыр.

Осы жиын барысында ҚР премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев шеттен келетін қандастарымызға қатысты біраз мәселенің басын ашып берді.
"Шетелден көшіп келетін қандастарымыз үшін квота көлемі азаймайды. Бұған дейін қанша квота беріліп келсе, сол деңгей сақталады," - деді ол. Сонымен қатар Бердібек Сапарбаев шетелдегі қандастардың балаларына берілетін гранттар саны артқанын, олардың оқуы үшін Қазақстан барлық мүмкіндікті жасайтынын айтты.
Ержан ЖАУБАЙ Фото: автордан
Дереккөз: BAQ. KZ
Бөлісу: Telegram WhatsApp