Мазмұнға өту
qandastar.

Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңа бас директор келді

Бақытжан Мұса · · 24 қаралым
Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңа бас директор келді

Мұратжан Мұсайбеков Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы шешімімен Мұсайбеков Мұратжан Жүнісбекұлы кәсіпорынның бас директоры әрі басқарма төрағасы қызметіне бекітілді.

Жаңа басшыны зауыт ұжымына "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауов таныстырды.

Мұратжан Мұсайбеков бұған дейін "ҚазМұнайГаз" жүйесінде түрлі басшылық қызметтер атқарған. Ол мұнай-газ өңдеу және мұнай-химия жобаларын іске асыру бағытында жұмыс істеп, мұнай өңдеу жөніндегі басқарушы директор, "ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг" АҚ бас директорының орынбасары, сондай-ақ "KPI Inc." ЖШС басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

"ҚазМұнайГаз" басшылығы жаңа басшы алдына зауыттың өндірістік тиімділігін арттыру, мұнай өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту, технологиялық процестердің тұрақтылығын қамтамасыз ету, энергия тиімділігін көтеру және экологиялық жобаларды жалғастыру міндеттерін қойды.

Сонымен қатар кәсіпорындағы еңбек жағдайларын жақсарту және зауыттың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету маңызды бағыттардың бірі ретінде белгіленді.

Осы шешімге байланысты АМӨЗ-дің бұрынғы бас директоры Қуаныш Бишімовтің өкілеттігі тоқтатылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp