Мазмұнға өту
qandastar.

Атырау облысында аудан әкімінің орынбасары көз жұмды

Малика Хамит · · 863 қаралым
Атырау облысында аудан әкімінің орынбасары көз жұмды

Атырау облысында Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Игали жол-көлік оқиғасынан қаза болды, деп хабарлайды

порталы.

Қайғылы жағдай «Миялы–Сағыз» бағытындағы тасжолда болған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қызметтік автокөлік жолда аударылып кеткен.

Көлікте аудан әкімінің орынбасары мен жүргізуші болған. Апат салдарынан Ерболат Игали оқиға орнында көз жұмды. Ал жүргізуші аман қалған.

Марқұмның қайтыс болғанын Атырау облысының әкімдігі ресми түрде растады.

Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Айдынғалиұлы Игалидің мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен туған-туыстарына, әріптестеріне қайғыра көңіл айтамыз
деп хабарлады облыс әкімдігі.

Ерболат Игали келесі айда 46 жасқа толар еді. Оның артында бес баласы қалды.

Ол 1980 жылы Қызылқоға ауданындағы Жасқайрат ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын аудандық «Қызылқоға» газетінде тілші болып бастаған.

Кейін мемлекеттік қызметке ауысып, Ойыл ауылдық округі әкімдігі аппаратында бас маман қызметін атқарды. Сондай-ақ бірнеше жыл бойы осы ауылдық округтің әкімі болған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp