Мазмұнға өту
qandastar.

Атырау облысында жоғалған отбасы ісі: ерлі-зайыптының мәйіті табылды

Малика Хамит · · 313 қаралым
Атырау облысында жоғалған отбасы ісі: ерлі-зайыптының мәйіті табылды

Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы Жангелдин ауылында бүтін бір отбасы жоғалып кеткен болатын.

Ерлі-зайыптының мәйіті табылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы облыстық полицияға сілтеме жасап.

Ұлы мен қызы әлі іздестіріліп жатыр.

Қызылқоға ауданында Атырау облысы аумағында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды. Қазіргі уақытта тағы екі жоғалған адамның жүрген жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасуда
делінген мәлімдемеде.

Аталған факті бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілердің жеке басы анықталды.

Қазіргі таңда оларды іздеу және ұстау мақсатында құқық қорғау органдары тиісті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

Сондай-ақ бұл отбасының кіші қызы мен күйеу баласы шет мемлекетте жүргені анықталған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp