Атырау облысында Атырау-Ақтөбе тас жолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды
порталы.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат 6 шілде күні сағат 13:30 шамасында Атырау-Ақтөбе тас жолының 582-315 шақырымында болған.
Toyota Alphard пен Volkswagen Polo автокөліктері соқтығысып, салдарынан екі көліктегі алты жолаушы түрлі дене жарақатын алған.
Зардап шеккендер облыстық ауруханаға жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілуде.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты тиісті іс-құжаттар жинақталуда
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырып, жолдағы қауіпсіздік әрбір жүргізушінің жауапкершілігі екенін ескертті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от НОВОСТИ АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ (@atyrau_today_news)