Мазмұнға өту
qandastar.

Атырау түрмесінде бес сотталушы шу шығарды: қылмыстық іс қозғалды

Малика Хамит
Атырау түрмесінде бес сотталушы шу шығарды: қылмыстық іс қозғалды

Атыраудағы түзеу мекемелерінің бірінде бес сотталушы ұстау режиміне наразылық білдіріп, топтасып бағынбау әрекетін ұйымдастырған, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Оқиға кезінде олар бейнебақылау камераларын жауып, өздеріне дене жарақатын салуға әрекеттенген.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, оқиғаға ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандардың ұстау жағдайы мен белгіленген режимге келіспеуі себеп болған.

Нәтижесінде бес сотталушы жеңіл жарақат алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Зардап шеккендердің ешқайсысы ауруханаға жатқызылған жоқ.

Аталған дерек бойынша топтасып бағынбауды ұйымдастыру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp