Мазмұнға өту
qandastar.

Атырауда әйелін қызының көзінше өлтірген ер адамға сот үкімі шықты

Малика Хамит · · 1 072 қаралым
Атырауда әйелін қызының көзінше өлтірген ер адамға сот үкімі шықты

Атырауда әйелін қызының көзінше өлтірген ер адам 15 жылға сотталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Атырау облысында жұбайын аса қатыгездікпен өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты.

Іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Тергеу материалдарына сәйкес, ерлі-зайыптылар арасында болған жанжал кезінде айыпталушы әйеліне бірнеше рет пышақ сұққан. Оқиға олардың 12 жастағы қызының көз алдында болған. Ауыр жарақат алған әйел оқиға орнында көз жұмған.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы күдіктіні 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші тарап та оны кешірмейтінін мәлімдеді. Ал сотталушы өз кінәсін мойындап, қылмысты қызғаныш салдарынан жасағанын айтып, өкінетінін жеткізді.

Сот үкімімен ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Белгілі болғандай, қаза тапқан әйел бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген.

Бөлісу: Telegram WhatsApp