Мазмұнға өту
qandastar.

Атырауда әйелін пышақтап өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Малика Хамит · · 124 қаралым
Атырауда әйелін пышақтап өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Атырауда тұрмыстық жанжал салдарынан әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, 16 наурызда шамамен сағат 03:30 шамасында полицияға 58 жастағы әйелдің қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.

Құқық қорғау органдарының дерегінше, әйел тұрмыстық жанжал кезінде алған жарақатынан көз жұмған.

Полиция мәліметіне сәйкес, аталған қылмысқа 62 жастағы күйеуі күдікті ретінде танылып отыр.

Аталған факті бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp