Мазмұнға өту
qandastar.

Атырауда екі қыз контент үшін көлік қозғалысын тоқтатты

bahitzhanabzal · · 132 қаралым
Атырауда екі қыз контент үшін көлік қозғалысын тоқтатты

Атырауда 18 және 21 жастағы екі қыз жол үстіне әдейі жатып, көлік қозғалысын бөгеп, бұл сәтті видеоға түсірген. Оқиға 5 қарашаға қараған түні болған, деп хабарлайды qandastar.kz.

Полиция қызметкерлері олардың жеке басын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Атырау облыстық Полиция департаменті мұндай әрекеттердің жол қозғалысына қатысушылардың өміріне тікелей қауіп төндіретінін ескертті.

«Лайк пен контент үшін жасалған мұндай “шоу” – ойын емес, заңға қайшы әрекет. Әр азамат жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылады», – делінген ПД хабарламасында.

Бөлісу: Telegram WhatsApp