Мазмұнға өту
qandastar.

Атырауда ішінде төрт адам болған лифт құлады: үшеуі ауруханаға жеткізілді

Малика Хамит 78 қаралым
Атырауда ішінде төрт адам болған лифт құлады: үшеуі ауруханаға жеткізілді

Атырауда тұрғын үй кешенінде төрт адам мінген лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Оқиға қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, төрт тұрғын отырған лифт үшінші қабаттан төменге құлаған.

Оқиғадан кейін үш адам медициналық көмек алу үшін ауруханаға жеткізілді. Қазір олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Лифтте болған тағы бір тұрғын дәрігер көмегінен бас тартқан.

Қазір оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр. Қала әкімі жауапты мамандарға лифттің құлауына не себеп болғанын шұғыл анықтауды тапсырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp