Мазмұнға өту
qandastar.

Атырауда көлік ішінен отшашу атқандар қамауға алынды (ВИДЕО)

Малика Хамит · · 1 409 қаралым
Атырауда көлік ішінен отшашу атқандар қамауға алынды (ВИДЕО)

Атырауда жол бойында қауіпті маневр жасап, көлік ішінен әуеге отшашу атқан азаматтар полицияға жеткізілді, деп хабарлайды

порталы.

Тәртіп сақшылары оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаны жедел анықтаған.

Полиция мәліметінше, жүргізуші жол қозғалысы қағидаларын бұзып, апатты жағдай туғызған. Сонымен қатар, жолаушы көлік терезесінен денесін шығарып отырған күйде жүргені үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оқиғаға қатысушыларға ұсақ бұзақылық, елді мекен аумағында пиротехникалық бұйымдарды пайдалану және түнгі тыныштықты бұзу баптары бойынша да шара қолданылды.

Бұзақылық дерегі бойынша жүргізуші мен жолаушы әкімшілік қамауға алынып, автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.

Жол — қателікті кешірмейді. Жол қозғалысы кезінде жасалған кез келген құқық бұзушылық заң аясында жауапкершілікке әкеп соғады
деп ескертті полиция.

[video width="1280" height="720" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/05/police.atyrau_1778481122535.mp4"][/video]

Бөлісу: Telegram WhatsApp