Мазмұнға өту
qandastar.

Атырауда полицей тұрғындарды өрттен алып шықты (ВИДЕО)

Малика Хамит · · 16 қаралым
Атырауда полицей тұрғындарды өрттен алып шықты (ВИДЕО)

Атырау қаласында полиция қызметкерінің жедел әрекетінің арқасында өрт кезінде тұрғындар дер кезінде қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға Махамбет Өтемісов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Электр желісіне тиіп тұрған ағаш бұтақтары тұтанып, өрт шыққан сәтте осы маңнан өтіп бара жатқан қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторы Максим Доскалиев қауіпті байқайды.

Полицей бірден тұрғын үйге кіріп, адамдарды сыртқа эвакуациялаған. Сонымен қатар өрт сөндіру қызметіне хабар беріп, арнайы мамандар жеткенше тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қауіпті аумаққа ешкімді жақындатпаған.

[video width="720" height="1280" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/08/VID_20260806_143040_874.mp4"][/video]

Жедел әрі сауатты қабылданған шешімнің арқасында ықтимал ауыр салдардың алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp