Мазмұнға өту
qandastar.

Атырауда жазатайым оқиға салдарынан үш жасар бала көз жұмды

bahitzhanabzal · · 417 қаралым
Атырауда жазатайым оқиға салдарынан үш жасар бала көз жұмды

Сурет: pxhere

26 шілдеде сағат 17:50 шамасында Әйтеке би көшесіндегі субұрқақтың ішіне түскен 2021 жылы туған баланы құрылғының дөңгелек сорғысы тартып кетті, деп хабарлайды

Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет бүлдіршіннің көз жұмғанын нақтылады.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу шаралары қолға алынды
деді Мейірім Есдәулет.

Полиция тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етуге жатпайтынын айтты.

Бұған дейін 19 шілдеде Атырау қалалық субұрқақтарына балалар жаппай шомылып жүргені хабарланған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp