Фото: ашық дереккөз
19 қаңтарда сағат 23:30 шамасында Атырау облысында жол апатынан 1 жасөспірім қаза тауып, жарақат алған жүргізуші мен тағы 1 жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды qandastar.kz
Атырау қаласынан Дамбы ауылына қатынайтын тас жолда ВАЗ — 2170 және Toyota Camry автокөліктері соқтығысты. Жол апатынының салдарынан 2007 жылғы бозбала жүгізген ВАЗ — 2170 автокөлігінде отырған 16 жасар жасөспірім оқиға орнында қайтыс болды. Аталған көліктегі тағы бір жолаушы мен жүргізушісі ауруханаға жеткізілді
Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты кешенді тергеу амалдары басталды.
Ата-аналарға жасөспірімдердің көлік жүргізуіне және түнгі мезгілде бақылаусыз жібермеуді ескертеміз. Балалардың қауіпсіздігін басты назарда ұстаған жөн