Мазмұнға өту
qandastar.

Атыраудағы танымал демалыс орнында ірі өрт болды (ВИДЕО)

Малика Хамит · · 81 қаралым
Атыраудағы танымал демалыс орнында ірі өрт болды (ВИДЕО)

Атырау қаласында орналасқан ойын-сауық паркінің аумағында өрт шықты, деп хабарлайды

порталы.

Оқиға Авангард ықшамауданындағы Тілендиев көшесінде тіркелген.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт ағаштан жасалған «қорқыныш бөлмесі» мен карусельді шарпыған. Оқиға орнына жеткен алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері нысандардың толықтай жалынға оранғанын анықтаған.

Мамандардың айтуынша, өрттің қарқынды таралуына құрылыстардағы жанғыш материалдардың көп болуы себеп болған. Соған қарамастан құтқарушылар жалынның жақын маңдағы ғимараттарға өтуіне жол бермей, өртті қысқа мерзімде оқшаулап, толық сөндірді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Атырау облысы ТЖД (@112atyrau)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp