Мазмұнға өту
qandastar.

Атыраулық құтқарушы 165 тонналық вагонды сүйреп, жаңа рекорд орнатты

Малика Хамит · · 680 қаралым
Атыраулық құтқарушы 165 тонналық вагонды сүйреп, жаңа рекорд орнатты

Атырау облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері Қазақстанның жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды

порталы.

Құрманғазы ауданындағы №7 өрт сөндіру бөлімшесінің бөлімше командирі Ерсейт Бралин салмағы 165,2 тонна болатын теміржол вагонын 9 метр қашықтыққа сүйреп, ел тарихындағы жаңа көрсеткішке қол жеткізді.

Айта кетейік, ол бұған дейін де ерекше жетістігімен танылған.

2024 жылы Ерсейт Бралин салмағы 94 тонна болатын вагонды тартып, Қазақстан рекордтар кітабына енген еді. Биыл ол өз нәтижесін айтарлықтай жақсартып, жаңа белесті бағындырды.

ТЖМ мәліметінше, бұл жетістік қызметкердің жоғары физикалық дайындығын, төзімділігі мен табандылығын көрсетеді.

Бұл нәтиже – ұзақ дайындық пен қажырлы еңбектің жемісі. Ерсейт Бралин өз ісіне адалдығы мен ерік-жігерінің арқасында жаңа рекорд орнатты
деп атап өтті ведомство өкілдері.

Жаңа рекорд қазақстандық құтқарушылардың кәсіби даярлығы мен спорттық әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

[video width="1276" height="718" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/06/112kz__1781159683353.mp4"][/video]

Бөлісу: Telegram WhatsApp