2026 жылғы 27 маусымда Астана уақытымен сағат 18:34-те ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі арқылы жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.
Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Ауғанстан аумағында орналасқан.
Зілзала Қазақстанның бірқатар оңтүстік өңірлерінде 2 балл деңгейінде сезілген. Атап айтқанда, Шымкент қаласы, Тараз қаласы, Түркістан облысының Мырзакент, Жетісай, Абай, Сарыағаш, Шардара, Қазығұрт, Ленгер, Сайрам, Манкент, Ақсукент, Тұрар Рысқұлов, Арыс, Темірлановка, Шәуілдер және Шаян елді мекендерінде, сондай-ақ Жамбыл облысының Бауыржан Момышұлы, Сары-Кемер, Аса, Құлан ауылдарында, Қаратау қаласы мен Мерке ауылында сезілген.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен бүлінулер туралы ақпарат түскен жоқ.