Құрылтай депутаты Шахмардан Байманов ауыл балаларының қосымша білім алу мүмкіндіктерін кеңейту мәселесін көтерді. Ол Оқу-ағарту министріне ауыл мен қала оқушылары арасындағы спорт, өнер, музыка, робототехника және IT бағыттарындағы қосымша білімге қолжетімділік айырмашылығын жою жөнінде депутаттық сауал жолдаған, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Депутат ауылдық жерлердегі үйірмелер мен секциялардың қолжетімділігін жеке бағалауды ұсынды. Сондай-ақ шағын және шалғай ауылдар үшін мобильді қосымша білім беру жүйесін дамыту және ауылда еңбек ететін педагогтерге арнайы ынталандыру тетіктерін енгізу қажеттігін атап өтті.
Оқу-ағарту министрлігі депутаттың ұсыныстарына жауап беріп, ауыл балаларының қосымша білім алу мүмкіндігін арттыру бағытында қандай шаралар қабылданатынын хабарлады.
Министрліктің жауабында қандай мәселелер қамтылғаны және депутаттық сауал авторының ұсынылған жауапқа қанағаттанған-қанағаттанбағаны «Депутаттық сауал» айдарында жарияланды.