Мазмұнға өту
qandastar.

«Авторы - Мәди»: Роза Рымбаева өз концертінде жаңа әннің тұсауы кесілетінін айтты

Малика Хамит · · 110 қаралым
«Авторы - Мәди»: Роза Рымбаева өз концертінде жаңа әннің тұсауы кесілетінін айтты

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның сахнадағы шығармашылық жолының 50 жылдығына орай ұйымдастырып жатқан жеке концертінде тосын сый болады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Әнші концертте кенже ұлы жазған жаңа әнді орындайтынын айтты.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Концертте жаңа әннің тұсауын кесеміз. Авторы ұлым - Мәди
деп жазды әнші.

Оқырмандары әншіге қолдау білдіріп жатыр.

«Айттым ғой Мәди өрге жүзеді деп», «әкесіне қатты ұқсайды екен», «мәдениетті, тәжірибелі, тәрбиелі - тума таланттар» және «өте керемет ән» деп жазып жатыр олар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Роза Рымбаева (@rozarymbaeva)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp