Мазмұнға өту
qandastar.

БАӘ азаматтарына Ирак, Иран және Ливанға баруға тыйым салынды

Бақытжан Мұса · · 207 қаралым
БАӘ азаматтарына Ирак, Иран және Ливанға баруға тыйым салынды

БАӘ Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарына Ирак, Иран және Ливанға баруға уақытша тыйым салынғанын хабарлады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Nur.kz порталына сілтеп хабарлаған. Шешім аталған өңірдегі қазіргі жағдайға байланысты қабылданған.

Ведомство мәліметінше, қазір осы елдердің аумағында жүрген БАӘ азаматтарына мүмкіндігінше тез арада елге оралу ұсынылған. Министрлік шетелдегі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі екенін атап өтіп, барлық ресми нұсқауларды қатаң сақтауға шақырды.

Бұған дейін БАӘ Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы – ОПЕК және ОПЕК+ құрамынан шығу туралы мәлімдегені белгілі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp