Мазмұнға өту
qandastar.

БАӘ мен Түркияға арзан тур ұсынған алаяқ 13 адамды алдаған

Малика Хамит · · 638 қаралым
БАӘ мен Түркияға арзан тур ұсынған алаяқ 13 адамды алдаған

Шығыс Қазақстан облысында жеңілдетілген туристік жолдамалар ұсынып, азаматтарды алдаған әйелге қатысты сот үкімі қайта қаралды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Тергеу мәліметінше, өңір тұрғыны «Travel the world» атауымен туристік фирма ашып, әлеуметтік желілерде БАӘ, Египет және Түркияға ерте брондау арқылы арзан бағамен жолдамалар сатылатынын жарнамалаған.

Ол осы схема арқылы 13 азаматтан ақша алып, жалпы көлемі 20 млн теңгеден асатын қаражатты иемденген.

Сот әйелді аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырған.

Кейін апелляциялық сот «Рақымшылық жасау туралы» заңды қолданып, жаза мерзімін 4 жылға дейін қысқартқан.

Алайда прокурорлар рақымшылық заңы бұл жағдайда дұрыс қолданылмағанын анықтап, кассациялық наразылық енгізген. Нәтижесінде кассациялық сот апелляциялық қаулыны өзгертіп, сотталушының жаза мерзімін қайтадан 5 жылға дейін ұзартты.

Құзырлы органдар азаматтарға әлеуметтік желілер арқылы туристік жолдамалар сатып алу кезінде сақ болуға кеңес берді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp