18 шілде күні таңертең аты шулы Баганашылдағы балалар үйінен екі қыз қашып кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Олар аман-есен табылды, деп хабарлайды qandastar.kz
Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлері 16 жастағы Кристина Белгородская мен 14 жастағы Маргарита Черепанованы тапты.
Қыздар Алматы облысы аумағынан табылды. Екеуі де барлық жағдайды анықтау үшін Бостандық ауданының полиция басқармасына жеткізілді
Жасөспірімдер оларды қаладағы Қонаевқа басқа ғимаратқа күштеп көшіруге талпынғаннан бірнеше күн бұрын қашып кеткен. Бұған дейін олар бірнеше рет бұрынғы жерде қалдыруды сұраған.
Бұл жағдайға Қасым-Жомарт Тоқаев араласты. Ол көшіруді тоқтатып, Алматының беделді ауданындағы ескі ғимаратты жөндеп, оны қаланың балансына беруді тапсырды.