Qanay лақап атымен танымал әнші Нұрболат Қанай отбасында орын алған ауыр қайғыны көпшілікке жеткізді, деп жазады qandastar.kz сайты kznews.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесінің айтуынша, әкесі өмірден өткен. Қаралы хабарды ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында бөлісті.
Бұл 33 жас қайғылы жасым болды-ау. Кенже балаңның қасына асықтың ба? Қолымнан келгеннің бәрін істедім. Кешірші, папау. Қаралы хабарды анашыма айтпай ауылға ұшырып жібердім. Атырауға, Құлсарыға жеткен соң хабар айтамыз деп шештік. Өзі әрең жүр еді
Айта кетейік, Нұрболат Қанай бұған дейін берген сұхбаттарының бірінде 2003 жылы дүниеге келген інісінен айырылғанын айтып, сол қасіретті кезеңді еске алған болатын.