Қызылорда қаласындағы балабақшалардың бірінде болған оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды
порталы.
Желіде тараған видеода тәрбиешінің бүлдіршінді қолынан тартып, үстелге қарай жетелеп бара жатқан сәті көрінеді.
Аталған жағдай ата-аналардың наразылығын тудырып, құзырлы органдардың назарын аударды.
Оқиғаға байланысты полиция кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.
Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ облыстық білім басқармасына тиісті ұсыныс енгізіліп, балабақшадағы жағдайға құқықтық баға беру мәселесі қарастырылып жатыр.
Құзырлы органдар тексеру нәтижесі бойынша қосымша ақпарат жарияланатынын мәлімдеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от EGOV.PRESS (@egovpress)