Мазмұнға өту
qandastar.

Балабақшаның бухгалтері миллиондарды шотына аударып алған

bahitzhanabzal · · 510 қаралым
Балабақшаның бухгалтері миллиондарды шотына аударып алған

Фото: ашық дереккөз

Балабақшаның 15 млн теңгесін ұрлаған бухгалтер 7 жылға сотталды. Ол 2021-2023 жылдары жалақысына коэффициентін жасанды түрде арттырып, банктегі шотына жалпы сомасы 15 миллионнан астам теңге аударған, - деп хабарлайды qandastar.kz.

Сотталушы сотта бұл қылмысқа қаржылық қиындықтардан (қарызын өтеу мақсатында) барғанын түсіндірген.

Сотталушының кінәсі оның мойындауымен, куәнің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, төлем құжаттарымен расталды.

Үкім заңды күшіне енді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp