Мазмұнға өту
qandastar.

Баланы жұдырықпен бір ұрған ер адамды офицерлер оқиға орнында қолға түсірді

Малика Хамит · · 8 қаралым
Баланы жұдырықпен бір ұрған ер адамды офицерлер оқиға орнында қолға түсірді

Алматыда әскери қызметшілер кәмелетке толмаған балаға жасалған шабуылдың алдын алып, күдіктіні полиция келгенше ұстап тұрды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға 5 тамыз күні таңертең «Атакент» саябағының маңында болған.

Сол жерде жүрген Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығының офицерлері белгісіз ер адамның балаға күш қолданып, бетінен ұрғанын байқайды.

Жағдайды көрген әскери қызметшілер бірден араласып, шабуылды тоқтатып, күдіктіні ұстап қалған. Ал офицерлердің бірі 102 нөміріне хабарласып, оқиға орнына полиция шақырған.

Кейін күдікті құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылды.

Әскерилердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында жағдайдың ушығуына жол берілмей, бала қауіптен аман қалды.

Зардап шеккен баланың ата-анасы әскери қызметшілерге алғыс айтып, олардың батылдығы мен бейжай қалмағанын ерекше атап өтті. Олардың сөзінше, оқиға кезінде маңайда басқа балалар да болған және бәрі қатты шошынған.

Бұл жағдай әскери қызметшілердің тек қызмет барысында ғана емес, күнделікті өмірде де азаматтардың қауіпсіздігі үшін әрекет етуге дайын екенін көрсетті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp