Семейдегі Восточный кентінің тұрғындары балалар ойын алаңының маңында болған оқиғаға байланысты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды
порталы.
Оқиға Восточный кварталының Б ауданындағы көпқабатты үйдің кіреберісінде болған.
Куәгерлердің айтуынша, 42 жастағы ер адам қоғамдық орында әдепсіз әрекеттер жасаған. Тұрғындардың сөзінше, оқиға кезінде жақын маңда балалар мен басқа да адамдар болған.
Жергілікті тұрғындар күдіктіні полиция келгенге дейін ұстап тұрған. Кейін оқиға орнына құқық қорғау органдары шақырылған. Оқиғаға қатысты бейнежазбалар мен куәгерлер бар екені хабарланды.
Полиция мәліметінше, Семей қаласының тұрғыны қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Құқық бұзушы полиция бақылауына алынды. Қоғамдық тәртіпті бұзу және заңсыз мінез-құлық заң аясында қарастырылады
Сондай-ақ тәртіп сақшылары тұрғындарды құқық бұзушылық фактілері байқалған жағдайда бірден 102 нөміріне хабарласуға шақырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Общественное Объединение ОСА (@oo_osa_semey_vko)