Мазмұнға өту
qandastar.

Балалардың сеніміне кіріп, интим фото сұраған: Шымкент тұрғыны қамауға алынды

Малика Хамит 12 қаралым
Балалардың сеніміне кіріп, интим фото сұраған: Шымкент тұрғыны қамауға алынды

Шымкентте балалардың сеніміне кіріп, интим сипаттағы фото мен видео сұраған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Полицияның мәліметінше, күдікті интернет-мессенджерлер арқылы 10-12 жастағы балалармен танысып, өзін 14 жастағы жасөспірім ретінде таныстырған.

Ол балалармен біраз уақыт сөйлесіп, сенімдеріне кірген. Бір жағдайда ер адам қызбен онлайн ойын арқылы танысып, кейін оның телефон нөмірін алып, WhatsApp-та хат алмасуды жалғастырған.

Кейін түрлі сылтаумен жасөспірімнен интим сипаттағы фото мен бейнежазбалар жіберуді сұраған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Полиция оның кінәсін мойындағанын хабарлады.

Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторында. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp