Мазмұнға өту
qandastar.

Балаларға интернеттегі алаяқтардан қорғану үйретіледі

Малика Хамит · · 57 қаралым
Балаларға интернеттегі алаяқтардан қорғану үйретіледі

Қазақстанда балаларға арналған қауіпсіздік сабақтарының мазмұны жаңартылды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Енді оқушыларға көшедегі қауіпсіздікпен қатар интернеттегі алаяқтық, дипфейк, кибербуллинг және дропперлік туралы да түсіндіріледі.

Жаңа бағдарламаға балалар күнделікті өмірде кездесуі мүмкін 140-тан астам қауіп-қатер енгізілген. Оны Оқу-ағарту министрлігі ЮНИСЕФ және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірлеген.

Балабақшадағы балаларға бейтаныс адамдардан сақ болу, адасып қалса не істеу керектігі үйретіледі. Бастауыш сынып оқушылары жеке шекара, интернет қауіпсіздігі, күмәнді сілтемелер және төтенше жағдай кезіндегі әрекеттерді меңгереді.

Ал жасөспірімдерге кибербуллинг, интернет-алаяқтық, жалған ақпарат, дипфейк, жасанды интеллект және жеке деректерді қорғау туралы айтылады.

Жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері дропперлік, «оңай ақша» схемалары, қауіпті онлайн-таныстық және бопсалау сияқты қауіптерді де талдайды.

Сабақтар аптасына бір рет 10 минуттан өткізіледі.

Негізгі мақсат – балаларға қауіпті жағдайды ерте байқап, өзін қорғауды және қажет кезде көмек сұрауды үйрету.

Бөлісу: Telegram WhatsApp