1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларында «Қазақмыс» компаниясының ұйымдастыруымен ауқымды мерекелік іс-шаралар өтті, деп хабарлайды
порталы.
«Ұлы Бала Fest – Балалық шаққа саяхат» фестиваліне мыңнан астам бала мен олардың ата-аналары қатысты.
Мерекелік бағдарлама аясында балалар үшін ойын-сауық алаңдары жұмыс істеп, шығармашылық шеберлік сабақтары, спорттық жарыстар, түрлі байқаулар мен аниматорлардың қойылымдары ұйымдастырылды. Іс-шаралардың басты мақсаты – балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, отбасылық демалысқа жағдай жасау болды.
Сонымен қатар компания қызметкерлерінің балалары өндірістік нысандарға арнайы экскурсия жасап, заманауи өндіріс үдерісімен танысты. Қатысушылар Нұрқазған байыту фабрикасында, Қоңырат өндірістік алаңында және бірқатар өндірістік кәсіпорындарда болып, ата-аналарының еңбегі туралы мол мағлұмат алды.
Мерекелік шаралар қайырымдылық бағытындағы бастамалармен де толықты. Жезқазғандағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар табысталып, арнайы ойын-сауық бағдарламасы ұсынылды.
Балаларға қолдау көрсету, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау және денсаулығын нығайту – компанияның әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды бағыты
«Қазақмыс» балаларды қолдау бағдарламаларын жыл бойы жалғастырып келеді. Биыл компания қызметкерлерінің 1200-ден астам баласының жазғы демалысын ұйымдастыру жоспарланған. Ал ерекше медициналық көмекке мұқтаж балаларды оңалту бағдарламасы аясында жыл басынан бері 54 бала ем қабылдап, жобаға 31 миллион теңге бөлінген.
Компания мәліметінше, 2020 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан оңалту бағдарламасының көмегімен Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларындағы мыңнан астам бала қажетті қолдау алған.