"Шаншар" театрының актері Ғалымжан Қаппаров бір сұхбатында отбасылық қызықтарын айтып, көпшілікке беймәлім құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Qandastar.kz
Төрт ұлым бар. Ең қызығы — олардың ешқайсысы маған ұқсамаған. Төртеуінің де өңі ашық, өзі жіңішке келген. Үйге келген кісілердің бәрі: "Балаларың саған мүлде ұқсамайды ғой" деп айта береді. Адам әр жолы сол сөзді естігенде біртүрлі күйге түседі екен. Кейде өзім де әйелімнен күдіктенгендей болдым. Бірақ күдіктенуге еш негіз жоқ еді — ол күндіз де, түнде де жанымда. Төрт ұлдан кейін арнайы туу күнтізбесін қолданып, қыз күткенбіз. Аллаға шүкір, қазір өзімнен айнымайтын қызым бар. Өзім оны қалжыңдап "Тайсонның қыз нұсқасы" деп атаймын