Мазмұнға өту
qandastar.

Балаларын иттің етімен тамақтандырған “әулиеге” үкім шықты

bahitzhanabzal · · 209 қаралым
Балаларын иттің етімен тамақтандырған “әулиеге” үкім шықты

Шымкентте алты баланы асырап алып, оларға қорлық көрсетті деп айыпталған «емші» Ұлықбек Смановқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды qandastar.kz.

Соттың шешімімен ол созылмалы психикалық ауруға шалдыққан деп танылып, мәжбүрлі емдеуге жіберілді. Яғни, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, психиатриялық емханаға орналастырылады.

Сонымен бірге, оның жұбайына қатысты іс тоқтатылған, себебі полиция оның әрекеттерінен қылмыстық құрам анықтамаған.

Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырған, себебі асырап алынған балаларға жасалған қатыгездік туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен БАҚ-та кеңінен талқыланған.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp