Мазмұнға өту
qandastar.

«Баланы күйеуінен таппаған»: Қарағандыда жала жапқан әйелге айыппұл салынды

Малика Хамит · · 35 қаралым
«Баланы күйеуінен таппаған»: Қарағандыда жала жапқан әйелге айыппұл салынды

Қарағандыда өзге әйелдің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған мәлімет таратқан тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Сот материалдарына сәйкес, оқиға 2026 жылғы 12 маусымда қаланың шағын аудандарының бірінде болған. Әйел үшінші тұлғалардың көзінше көршісінің абыройына нұқсан келтіретін жалған сөз айтқан.

Атап айтқанда, ол жәбірленуші туралы «баланы күйеуінен тапқан жоқ» деген мәлімет таратқан.

Сотта оның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, куәлардың түсініктемелерімен және басқа да дәлелдермен расталған.

Нәтижесінде сот әйелді ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды.

Оған 160 АЕК көлемінде айыппұл тағайындалған. Алайда құқық бұзушылықты алғаш рет жасағаны және зейнеткерлік жасы жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріліп, айыппұл 30%-ға қысқартылды.

Осылайша, өндіріп алынатын соңғы сома 484 400 теңгені құрады.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp