Мазмұнға өту
qandastar.

Балиде жезөкшелікке қатысты рейд кезінде қазақстандық ұсталды

Малика Хамит · · 17 қаралым
Балиде жезөкшелікке қатысты рейд кезінде қазақстандық ұсталды

Балиде жезөкшелікке қатысы бар деген күдікпен қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, Бали аралында шетелдіктердің заңсыз қызметіне қатысты рейд жүргізіліп, 13 адам ұсталды.

Олардың арасында Қазақстан азаматы да бар, деп хабарлайды жергілікті ANTARA басылымы.

Арнайы операция 17 қыркүйек кешке Бадунг ауданындағы Чангу, Семиньяк және Умалас елді мекендерінде өткен.

Нәтижесінде 12 әйел мен бір ер адам ұсталған. Олардың арасында Нигерия, Ресей, Қазақстан және Украина азаматтары бар.

Қазақстан азаматы Умаластағы вилладан ұсталған. Ол жерде тағы үш Ресей азаматы болған.

Жергілікті биліктің мәліметінше, ұсталған шетелдіктердің әрекетіне қатысты қосымша тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында олардың құжаттары, елде болу заңдылығы және күдікті қызметке қатысы анықталмақ.

Қазір 13 адам Ngurah Rai иммиграциялық кеңсесінде тексеріліп жатыр. Оларға қатысты Индонезияның көші-қон заңнамасы бойынша шара қолданылуы мүмкін.

Билік өкілдерінің айтуынша, ұсталғандар елден шығарылып, Индонезияға бес жылға кіруіне тыйым салынуы, сондай-ақ іс қылмыстық сипат алса, заң бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.

Бөлісу: Telegram WhatsApp