Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 21 мамыр күні түнгі шамамен 00:00 кезінде Балқаш қаласындағы кафелердің бірінде таныстар арасындағы сөз таласы асқынып, соңы жанжал мен төбелеске ұласқан. Оқиға барысында травматикалық қару қолданылып, оқ атылған. Бұл туралы Қарағанды облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған Qandastar.kz сайты хабарлады.
Салдарынан мекеме қызметкері — даяшы дене жарақатын алған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаларды анықтаған.
Қазіргі таңда күдіктілердің орналасқан жерін анықтау және оларды ұстауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу жұмыстары Қарағанды облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Ведомство тергеу мүддесіне байланысты өзге деректер жарияланбайтынын хабарлады.