Балқашта өндірістегі қауіпті жағдайларды тәжірибе жүзінде үйрететін оқу полигоны ашылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Балқашта «Қазақмыс» жұмысшылары мен студенттерін практикалық даярлауға арналған жаңа оқу-жаттығу полигоны іске қосылды.
Мұнда өндірістегі түрлі жағдайлар арнайы модельденіп, қызметкерлер дұрыс әрекет етуді тәжірибеде үйренеді. Полигонда алғашқы көмек көрсету, биіктікте жұмыс істеу, өрт сөндіру, электр қауіпсіздігі, LOTO, жабық кеңістікте жұмыс істеу және жүк көтеру жұмыстары бойынша жеті оқу аймағы бар.
Жалпы аумағы 392,7 шаршы метр болатын кешенде теориялық сабақтарға арналған 16 орындық кабинет те қарастырылған.
Полигон «Қазақмыстағы Қауіпсіздік жылы» аясында ашылды. Компания алдағы уақытта оқу базасын жаңа жабдықтармен толықтырып, өндірістік қауіпсіздік бойынша практикалық оқытуды кеңейтуді жоспарлап отыр.