Мазмұнға өту
qandastar.

Балқашта 280 балаға арналған жаңа балабақша салынады

Малика Хамит 26 қаралым
Балқашта 280 балаға арналған жаңа балабақша салынады

Балқашта 280 бүлдіршінге арналған жаңа балабақшаның құрылысы басталды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Үш қабатты нысанның құрылысына 3,7 млрд теңге жұмсалады.

Жаңа балабақшаның алғашқы кірпіші қаланды. Рәсімге Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі қатысты.

Жоба облыс әкімдігі мен «Қазақмыс» арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылып жатыр.

Нысанның жалпы аумағы 4 800 шаршы метрден асады. Балабақша 3,6 гектар жерге салынып, оның аумағында балаларға арналған заманауи ойын және демалыс орындары, абаттандырылған кеңістік қарастырылады.

Құрылыс жұмыстарын 2027 жылғы қыркүйекте аяқтау жоспарланған. Осыдан кейін балабақша 280 баланы қабылдай алады.

Қарағанды облысының әкімі бұл жобаны Балқаштың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды инвестиция деп атады.

Ал «Қазақмыс» басшылығы Балқашты компания үшін тек өндірістік нысандар орналасқан қала емес, қызметкерлері мен олардың отбасылары тұратын ортақ орта ретінде қарастыратынын атап өтті.

Балқаштағы балабақша – компанияның өңірдегі әлеуметтік жобаларының бірі. Алдағы уақытта Тораңғалық және Шұбартүбек ауылдарында медициналық пункттер, су спорттарына арналған база және Тораңғалықта балалар лагерін салу жоспарланып отыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp