АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама аралық сайлау қарсаңында демократиялық партия кандидаттарын қолдап, Дональд Трамп әкімшілігін сынға алды. Ол Кливленд пен Детройт қалаларында өткен митингілерде сөз сөйлеп, сайлаушыларды билікке жауапкершілік жүктеуге шақырды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Обама 3 қарашада өтетін аралық сайлаудың Конгрестегі күштер арақатынасына ықпал ететінін атап өтті. Мичиганда ол АҚШ Сенатына үміткер Абдул Эль-Сайедті қолдап, сайлауды Трамп президенттігінің кейбір шешімдерін тежеуге мүмкіндік беретін тетік ретінде сипаттады.
Бұрынғы президент Трамп әкімшілігін сыбайлас жемқорлыққа, құзыретсіздікке және жеке мүдделерге басымдық беруге қатысты айыптады. Сондай-ақ Иранға қатысты саясатты сынап, Ормуз бұғазындағы тұрақсыздықтың мұнай экспорттаушы елдерге кері әсерін тигізіп отырғанын мәлімдеді.
Обама АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсеттің әскерилердің сыртқы келбеті мен тестостерон деңгейіне назар аударуын да сынға алды. Бұған қоса, Ақ үйдегі жөндеу жұмыстарын келемеждеп, әкімшіліктің назарын маңызды мәселелерден басқа жаққа аударып отырғанын айтты.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Обаманың сайлауалды науқанға қатысуы демократтардың жақтастарын жұмылдырып, Сенаттағы бәсекеде партия кандидаттарын қолдауға бағытталған.