Фото: скриншот
Желіде Ұлттық Олимпиада комитеті Геннадий Головкиннің Париж Олимпиадасында алтын медаль алған дзюдошы Елдос Сметовке ақыл айтқан сәттерінің видеосы тарады, деп хабарлайды
.
“Адамдарды көп тыңдай берме”
Адамдарды көп тыңдай берме. Сен жайлы әлі әдемі сөздерді айтады талайы. Олар көп болады әрі. Өзімнен көргенімді айтып отырмын. Ақыр соңында, өз-өзіңмен жалғыз қаласың. Ешкімге керек болмай қаласың. Отбасыңнан басқа. Кейін менің орнымда тұрармысың…
Осыдан кейін екеуі төс қағыстырып, бір-біріне құрмет көрсетеді.
Сметовтің алтын медалі
Еске сала кетейік, күні кеше дзюдодан Париж Олимпиадасында 60 келідегі Елдос Сметов финалдық белдесуде жарыс қожайыны Лука Мхеидзені вазари әдісімен жеңді . Финалдық белдесулерді Франция президенті Эмманюэль Макрон арнайы барып, тамашалаған еді. Сметов бұған дейін екі Олимпиадада күміс және қола медаль алған еді.