Мазмұнға өту
qandastar.

«Барлығы қамтылған»: балаларын Испанияға жібермек болған ата-аналар 24 млн теңгеден қағылды

Малика Хамит 54 қаралым
«Барлығы қамтылған»: балаларын Испанияға жібермек болған ата-аналар 24 млн теңгеден қағылды

Балаларды Испаниядағы футбол турниріне апарамын деп ата-аналардан 24 млн теңге жинаған, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Астанада балаларды шетелдегі футбол турниріне апаруды ұйымдастырамын деп, бірнеше ата-ананы алдаған адам сотталды.

Іс материалдарына сәйкес, ол ата-аналарға жас футболшылардың Испанияға «барлығы қамтылған» бағдарлама бойынша баратынын айтқан. Турнирге қатысу, ұшақ билеттері, виза рәсімдеу, балаларға жетекшілік ету және спорттық киім алу сияқты шығындарды сылтау етіп, олардан ақша жинаған.

Алайда уәделердің ешқайсысы орындалмаған. Күдікті алған қаражатын өз қажетіне жұмсаған.

Нәтижесінде 9 адам зардап шегіп, оларға келген шығын 24 млн теңгеден асты.

Сот оны кінәлі деп танып, 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар келтірілген материалдық залал толық көлемде өндірілген.

Прокуратура ата-аналарды балаларын шетелдік жарыстарға жіберу кезінде сақ болуға шақырды. Атап айтқанда, ұйымдастырушының өкілеттігін, турнирге ресми шақыруды, келісімшарттарды, әуе билеттерін және броньды растайтын құжаттарды тексеру қажет.

Бөлісу: Telegram WhatsApp