Мазмұнға өту
qandastar.

"Барселона" Испания чемпионы атанды

bahitzhanabzal · · 184 қаралым
"Барселона" Испания чемпионы атанды

"Барселона" футбол клубы 2024/25 жылғы маусымда Испанияның Ла Лигасында мерзімінен бұрын чемпион атанды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

36-турда сырт алаңда "Эспаньолды" 2:0 есебімен жеңгеннен кейін каталониялық команда қарсыластарынан ұпай саны бойынша озып шығып, маусымның аяқталуына екі тур қалғанда чемпиондықты қамтамасыз етті.

Бұл – "Барселонаның" тарихындағы 28-ші ұлттық чемпиондығы. Каталондық ұжым Испания біріншілігінде соңғы жылдары басты бәсекелесі "Реал Мадридпен" алма-кезек чемпиондыққа таласып келеді.

2024/25 жылғы маусым "Барселона" үшін табысты өтті. Команда Чемпиондар лигасында жартылай финалын дейін жетіп, ½ финалда миландық “Интерден” жеңіліп, жарысты аяқтады. Сонымен қатар, Испания кубогының финалында "Барселона" өзінің ең басты қарсыласы "Реал Мадридті" ұтып, ұлттық кубокты да жеңіп алды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp