Мазмұнға өту
qandastar.

Бас мүфти халықты Құрбан айтты ұлттық нақышта атап өтуге үндеді

Малика Хамит · · 868 қаралым
Бас мүфти халықты Құрбан айтты ұлттық нақышта атап өтуге үндеді

Астанада Құрбан айт мерекесіне орай өткен баспасөз мәслихатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге үндеу жасап, мереке күндері бағаны негізсіз көтермеуге шақырды, деп хабарлайды

порталы.

Оның айтуынша, Құрбан айт қарсаңында еліміз бойынша ауқымды мәдени-рухани іс-шаралар ұйымдастырылады. Мешіт аулаларында киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар мен түрлі кештер өтеді.

Мен жыл басында еліміздегі барша дін қызметкерлеріне жолдаған Бағдарлық баяндамамда қос ұлық мейрамдарымыз – Құрбан айт пен Ораза айтты дәстүрімізге сай қоғамдық деңгейде атап өту қажеттігін жеткіздім. Алла қаласа, айт күндері «Құрбан айт – ұлық мереке» тақырыбында республикалық деңгейде игі іс-шаралар ұйымдастырылады
деді Бас мүфти.

Сондай-ақ ол қазақстандықтарды айт мерекесін ұлттық дәстүрге сай атап өтуге шақырды.

Осы ретте еліміздегі барша жамағатты ұлттық киімдерімізді киіп, айт мерекесін дәстүрімізге сай ұлттық нақыштармен өткізуге, игі бастамаларымызға белсенді түрде атсалысуға шақырамын
деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти Құрбан айттың қоғамдағы ауызбіршілік пен қайырымдылықты нығайтатын мереке екенін атап өтіп, кәсіпкерлерге әлеуметтік жауапкершілік танытуға үндеу жасады.

Құрбан айт тек діни мереке ғана емес, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтатын, қайырымдылықты паш ететін рухани мейрам. Осы орайда еліміздегі барша кәсіпкер азаматтарды Құрбан айтта мал құнын қолдан көтермей, халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, оңтайлы баға ұсынуға, жұртымыз күнде тұтынатын азық-түлікке мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін
деп атап өтті ол.
Бөлісу: Telegram WhatsApp