Мазмұнға өту
qandastar.

«Басшыңыз» ақша сұраса, асықпаңыз: ІІМ маңызды ескерту жасады

Малика Хамит · · 1 038 қаралым
«Басшыңыз» ақша сұраса, асықпаңыз: ІІМ маңызды ескерту жасады

Қазақстанда алаяқтардың жаңа схемасы пайда болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл жолы олар Telegram арқылы ұйым басшыларының атынан хабарлама жіберіп, қызметкерлерден шұғыл түрде ақша аударуды талап етеді.

ІІМ мәліметінше, қаскөйлер мемлекеттік органдар мен компаниялардың нақты басшыларының фотосуреттері мен деректерін пайдаланып, жалған аккаунт ашады. Кейін бухгалтерлерге немесе қаржыға жауапты қызметкерлерге хабарласып, белгілі бір есепшотқа ақша жіберуді, төлем жасауды немесе басқа да қаржылық операцияларды орындауды сұрайды.

Полиция мұндай хабарламаға сенбеуге шақырады. Егер осындай өтініш келсе, алдымен басшымен телефон арқылы немесе жеке сөйлесіп, ақпараттың рас-өтірігін нақтылау қажет. Сондай-ақ жіберушінің аккаунтын, телефон нөмірін және хабарлама мазмұнын мұқият тексеру ұсынылады.

Егер күмән туындаса, ешқандай ақша аудармай, хат алмасуды тоқтатып, бұл туралы ұйым басшылығына хабарлау қажет.

Бөлісу: Telegram WhatsApp