Мазмұнға өту
qandastar.

Басы дауға қалған Көкшетау әкімінің 26 жастағы көмекшісі өз еркімен жұмыстан кетті

bahitzhanabzal · · 228 қаралым
Басы дауға қалған Көкшетау әкімінің 26 жастағы көмекшісі өз еркімен жұмыстан кетті
Фото: Іnstagram.com/aiym_turapekova Көкшетау қаласы әкімінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Айым Тұрапекова қызметке келгеніне бір толмастан жұмыстан кету туралы өтініш жазды, деп хабарлайды  qandastar.kz   skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. Көкшетау әкімдігі Айым Тұрапекованың өз еркімен жұмыстан кеткенін растады. Осылайша Көкшетау қаласы әкімінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшінің орны қайта босады. Айта кетейік, 26 жастағы Айым Тұрапекова маусым айының басында Көкшетау әкімінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Жаңа кеңесшінің өмірбаяны әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Айым Тұрапекованың 2015 жылы, яғни небәрі 16 жасында премьер-министр кеңсесінде тәжірибеден өткенді желі қолданушыларынң назарын аударды. Кейін бұл мәліметке өзгерістер енгізілді. Алдымен 2019 жыл деп түзетілді, артынан мүлде алынып тасталды.
Бөлісу: Telegram WhatsApp